Біз туралы

Қазақстанның өсіп-өркендеуінде халықтың ортақ мақсат-мүдде жолында бірігуі, берекесі мен татулығы негізгі тірек болып отыр. Мектебіміздің жас мамандарының мерекелік бейне құттықтауы

1974 жылдың 1 қыркүйегінде   Шиелі қыстағының батыс жағынан жергілікті тұрғындардың өтініші бойынша №244 сегіз жылдық орыс-қазақ мектебі болып ашылды да, мектеп директоры болып Әлтаев Сейтхан, оқу ісінің меңгерушісі болып Әбуов Аманжол тағайындалды. Алғаш мектепте 25 мұғалім, 205 оқушы қамтылды. 59 орындық жатақхана ғимараты есебінде ашылып, 3 ауысымда оқытылды.   Көп ұзамай, 1982 жылы білім ордасы қазақ мектебі болып «Дала академигі» Ыбырай Жақаев есімімен аталды.   Мектеп қабырғасын тұнғыш 10 «Алтын түлек» иегерлері: Бисариева Шарипа, Байділда Оразәлі, Сүйіндіков Мұхамеджан, Кенбаев Манарбек, Баекеева Алмагүл, Рахметова Әлима, Аңламасова Шара, Сағынбаева Гүлнар, Алдабергенова Майра, Әбуова Фарида және 6 «Күміс медаль» иегерлері: Шонабаева Гүлжанат, Әбуова Әлима, Үдербекова Лаура, Атжаханова Қарлығаш, Каюмова Айгүл, Шағырова Ләззат шыққан киелі білім ордасы.

1984-1994 жылдар аралығында Ақылбаев Маяк басшы болды. Бұл жылдары оқушыларды еңбекке баулу бірыңғай жүйеге қосылды.

1994-1999 жылдар аралығында Сұлтанов Сағындық мектеп директорықызметін атқарды.Мектеп нарық талабы — эккономикалық білім беру жағдайына икемделді.

1999 — жылдан

Мектеп 2009 жылы жаңа ғимаратқа көшірілді. Бүгінгі таңда мектепте 1053 бала білім алуда. 49 сынып комплектісі, 4 мектеп алды даярлық топтары жасақталған.  мұғалімдер саны 136, оның ішінде педагог-зерттеуші -35, педагог-сарапшы- 42, педагог-модератор-30, педагог-29. Мұнан бөлек оқушылармен 2 психолог, 1 логопед, 1 дефектолог, 1 әлуметтік педагог, 1 тәлімгер, 2 кітапханашы жұмыс жасайды.