ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК әзірлеген салауатты өмір салтын насихаттау бойынша инфографиктерге назар аударыңыз!
«БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ — ҚОҒАМ КЕЛЕШЕГІ”
Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі – оқушылардың әлеуметтік желілердегі қауіпсіздігі. Бұл мәселе алаңдатып отыр, себебі оқушылар кейде желідегі түрлі келеңсіз жағдайларға тап болып, тіпті өмірлеріне қауіп төндіретін жағдайларға душар болуы мүмкін. Бұл – отбасы мен мектептің ғана емес бүкіл қоғамның ортақ мәселесі, әрқайсымыздан сақтықты талап етеді.
1 қазан мектебімізде ұстаздармен аталмыш тақырып төңірегінде жиналыс өтілді.Педагогтердің оқушыларымызды әлеуметтік желілердің теріс әсерінен қорғау, олардың саналы әрі қауіпсіз өмір сүруіне жағдай жасау үшін бірге жауапты екендігімізді мектеп директоры Жеңіскүл Аманбайқызы жиналыс барысында айтып, қауіпсіздік шараларын күшейтіп, қауіптің алдын алуы тапсырылды.
244 Ы.Жақаев атындағы орта мектебінде 2024 жылдың 1 қазанында » Бала қауіпсіздігі- қоғам келешегі» тақырыбында ата- аналармен жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында интернеттегі қауіптер, буллинг, кибербуллинг, онлайн ойындар және баланы қайғылы жағдайларға итермелейтін кітаптар мен сайттар төңірегінде сөз қозғалды. Баланың қауіпсіздігі, олардың жарқын болашағы үшін ата- аналарға ұсыныстар айтылды.
2024 жылдың 1 қазанында 5-6 сынып оқушыларына арналған «Алтын сақа» математикалық олимпиадасының мектепішілік кезеңі өткізілді.
Олимпиада мақсаты – мектеп оқушыларының жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындығын жақсарту және пән бойынша ерекше қабілетті балаларды анықтау, олимпиада резервін қалыптастыру.
Олимпиадаға 5 — сыныптан — 14 оқушы, 6 — сыныптан — 6 оқушы қатысты.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша жүлделі орын алған қатысушылар:
5-сыныптар бойынша:
І орын – Мейрбеков Ерасыл, жетекшісі Түменова А.
ІІ орын – Жұмабекова Малика, жетекшісі Түменова А.
ІІІ орын – Аманова Райана, жетекшісі Жагипбарова А.
6- сыныптар бойынша:
І орын – Дәуренқызы Еркежан, жетекшісі Баубекова А.
ІІ орын – Рүстемов Нұрдаулет, жетекшісі Закирова М.
ІІІ орын – Жұманәлі Мансур, жетекшісі Закирова М
Олимпиадаға қатысқан барлық жүлдегерлерді жеңістерімен құттықтаймыз.
Табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!
АУЫЛ ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫ БАСТАЛДЫ
25 қыркүйек жалпы білім беретін пәндер бойынша ауыл мектептері оқушыларының республикалық олимпиадасының мектепішілік кезеңі бастау алды.
Олимпиада мақсаты – ауылдық жердегі мектеп оқушыларының дарындылығы мен қабілеттерін анықтау, қолдау үшін оңтайлы жағдайлар жасау, неғұрлым академиялық қабілетті оқушыларды іріктеу.
«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» негізінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерін құрметтеу — әрбір азаматтың міндеті! Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу — тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет-ғұрыпты, салт-дәстүрді қастерлеу болып табылады.
Бүгін білім ордамызда Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуді қалыптастыру үшін ҚР Мемлекеттік Гимні орындалды.
Әнұранды жатқа айтудың мақсаты — еліміздің мемлекеттік рәміздеріне құрмет көрсету, өз Отаны үшін қадір-қасиет сезімін қалыптастыру…
СҮЙІНШІ!👏👏👏
🤾♀️🤾♀️27-31 тамыз аралығында 2011-2012 ж туылған қыз балалар (5-7 сыныптар) арасында қол добынан Қызылорда облысының біріншілігі ұйымдастырылды. Аталмыш жарысқа мектебіміздің гандболшы қыздары жетекшісі білім ордамыздың дене шынықтыру пәні мұғалімі Сәрсенов Ақжүрек Аймаханұлы қатысып, жүлделі 3-орынды иеленді!
🏆🏆Жаңа оқу жылындағы жақсылықтың жаршысы болған облыстық жүлделі орын қуантты👏Жетістіктер жалғасын таба берсін!
🏆🤾♀️Гандболшы қыздарымызға табандылық, жоғары спорттық шеберлік, қажымас қайрат пен жеңісті күндер көп болсын деп тілек білдіреміз!
Сүйінші! Сүйінші! Сүйінші!
2023 жылдың 21 қазан күні математика пән мұғалімдерінің кәсіби дағдыларын жетілдіру, шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдерді анықтау, оларды қолдау және ынталандыру мақсатында Қызылорда қаласының Қызылорда Зияткерлік мектебі базасында математика пәні мұғалімдерінің шығармашылық байқауы болып өтті.
Байқауға қатысқан №244 орта мектептің математика пәнінің мұғалімі Түменова Айдын Алшағырқызы Қазақстан математика пәні мұғалімдері қауымдастығы байқауында облыстық кезеңінен ІІ орын иеленіп, 2023 жылдың 2-3 желтоқсан күндері Алматы қаласында өткен Қазақстан Республикасы Оқу ағарту министрлігінің және “Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығының қолдауымен математика, физика және информатика пәні мұғалімдерінің Х Халықаралық ақтық шығармашылық байқауында “Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Алғыс хаты және Қызылорда облысы бойынша ІІІ орын дипломымен Қазақстан физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, академик Жұмаділдаев Асқар Серқұлұлының өз қолымен марапаттады.
Байқауға Қазақстан мен ТМД елдерінен Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Түрікменстаннан 300 ден аса мұғалім қатысып, өз бақтарын сынап, басқа елдердің педагогтарымен тәжірибе алмасты. Жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ орынды иеленіп, “Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығының дипломдарымен және алғыс хатымен марапатталды.
«Үздіктен үйрен» жобасы аясында бастауыш сынып мұғалімдерінің шеберлік сыныбы өтті
📝 Бастауыш сынып мұғалімі білім беру қызметінде кәсіби білімді, білік пен дағдыны игерген, инновациялық технологияны кеңінен қолдана отырып, өз пәнінің ғылыми негіздерін меңгерген болуы керек. Сабақты жаңаша әдіс-тәсілдерді, ойын түрлерін және жаттығу жұмыстарын пайдалана отырып, ізденіспен өткізуі тиіс. Осы орайда «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Үздіктен үйрен» атты шеберлік сыныбы өткізілді.
✅ Шығармашыл ұстаздардың әдістемелік шарасы кәсіби байқаулар жүлдегерлерінің тәжірибесін тарату, мұғалімдердің әдістемелік қоржынын толықтыру және кәсіби байқауларға қатысуын ынталандыруға бағытталған.
🧶 Шеберлік сыныпта Қызылорда облысының білім басқармасы ұйымдастырған бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған кәсіби байқаулар мен республикалық «Педагогикалық идеялар панорамасы – 2023» байқауының жүлдегерлері, ақылмен түйсініп, жүрекпен сезінетін пайым-парасатымен, талғам-танымымен танылған үздік бастауыш сынып мұғалімдері тәжірибелерін көрсетті.
🔖 Шығармашыл ұстаздар цифрлық бағдарламалар мен платформалар арқылы оқыту, бастауыш сынып оқушыларының ойын арқылы пәнге деген қызығушылығын арттыру, интербелсенді тақтаны қолдану арқылы оқытудың тиімділігі, интернет желісінің жылдамдығы төмен елдімекендерде интербелсенді тақта тиімді қолдану әдістерімен, математика пәнін меңгеруде ата-анамен жүргізілетін жұмыстармен таныстырып, жаратылыстану пәнінде тәжірибе арқылы зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру тәжірибелерімен бөлісті. Шеберлік сыныптың қорытындысы көрсетілген тәжірибелік жұмыстар бойынша пікірлесумен, кері байланыс берумен аяқталды.
✍️ Педагогтің кәсіби шеберлігін, зерттеушілік, зияткерлік және шығармашылық деңгейін үздіксіз жетілдіруге бағытталған курстан кейінгі сүйемелдеу шаралары жыл соңына дейін жалғасатын болады.
«БАСТАУЫШ СЫНЫПТАҒЫ ДҮНИЕТАНУ ПӘНІНІҢ ҮЗДІК МҰҒАЛІМІ-2023»
ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ✨
📝Үстіміздегі жылдың 30 қарашасында Қызылорда облыстық оқу орталығының (әдістемелік кабинет) жоспарына сәйкес Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектептің базасында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Бастауыш сыныптағы дүниетану пәнінің Үздік мұғалімі-2023» облыстық байқауы ұйымдастырылды.
Мақсаты: бастауыш сынып мұғалімдерінің дүниетану пәнін оқытудағы шеберлігін, құзыреттілігін дамыту, оқушылардың функционалды сауаттылығын арттыру, оқыту процесінде заманауи әдістерді қолдану. Бастауыш сынып мұғалімдерінің озық тәжірибелерін анықтау, насихаттау және тарату.Байқауға 8 үміткер қатысты.
📌Жюри мүшелер құрамына:
1. «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі- А.С.Басанова;
2. М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің арнайы пәндер оқытушысы-Г.Н.Шалапова;
3. «Болашақ» университетінің “Педагогика және өнер” кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі-Н.Ә.Түнғатова енді.
Байқауда ІІІ кезең болды.
🔸І кезең: «Бір бөлімнен – бір сабақ» тақырыбында сабақ көрсету.
Оқытудың жеке бағдарламаларын жүзеге асыру нәтижелері сабақта тікелей мұғалім тарапынан білім беру процесі барысында бағаланады. Сабақтың негізгі міндеті — мұғалімнің басшылығымен оқушыларға ғылым негіздерінен берілетін мағлұматтарды саналы түрде игерту, алған білімді іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру, іскерлікке үйрету, адамға қажетті қасиеттер қалыптастыру болып табылады.
🔸ІІ кезең: «Шығармашылық шеберхана» Педагогикалық тәжірибесінде жасалған авторлық бағдарламасы немесе педагогикалық идеясы. Педагогикалық тәжірибесінде жасалған авторлық бағдарлама , бекітілген, оқу-әдістемелік құралы және тәжірибесінде оң әсер еткен, ұсынуға лайықты педагогикалық идеясын ТЕD форматында қорғау.
🔸ІІІ кезең: Тест тапсырмаларын орындау (25 сұрақ) («Пәндік білім» мен «Оқыту әдістемесі», «Логика» бойынша)
Байқау нәтижесі бойынша жүлделі орындарды иеленгендер:
🥇І орын-Кулекенова Гүлназ, Қазалы ауданы, №226 мектеп-гимназиясының мұғалімі;
🥈ІІ орын-Ташимова Нәзігүл, Шиелі ауданы, №244 орта мектептің мұғалімі:
🥉ІІІ орын-Ержанова Гульжахан, Жалағаш ауданы, №31 мектеп-гимназиясының мұғалімі.
Жеңімпаздар арнайы дипломдармен және облыстық кәсіподақ комитетінің сыйлықтарымен марапатталды.
Байқауға қатысқан ұстаздарымыздың беделі артып, шығармашылықтары шыңдалып, мәртебесі биіктей берсін!
Жарайсың, Таңшолпан!
🎉🎉🎉Өңірде мектептік медиацияны дамыту, медиация институтын насихаттау, елдегі қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту мақсатында оқушылар арасында ұйымдастырылған облыстық ғылыми және әлеуметтік жобалар байқауында мектебіміздің 11-сынып оқушысы Қалиева Таңшолпан жеңімпаз атанып, жеңіс тұғырынан көрінді.
📌📌📌Байқауға жан-жақты дайындаған жетекшісі Жанділдаев Аймауыт әріптесіміз Таңшолпандай талантты шәкірттер мектебіміздің жетістік қоржынын молайта берсін деген тілек білдіреді.
🔰🔰🔰Жүлделі оралған шәкіртімізді мектеп директоры Жеңіскүл Аманбайқызы жетекшісімен бірге құттықтады.
Жеңіс құтты болсын, мектебіміздің ғана емес, аудан мақтаныштары!
“ҮЗДІК ПСИХОЛОГ КАБИНЕТІ-2023” БАЙҚАУЫНЫҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТКІЗІЛДІ
Шиелі ауданы бойынша білім бөлімі мен білім қызметкерлері кәсіподағы аудандық комитетінің ұйымдастыруымен “Үздік психолог кабинеті-2023” байқауы өткізілді.
Байқаудың негізгі мақсаты-елімізде білім беру жүйесіндегі психологиялық қызмет көрсету сапасын жақсарту, талантты, шығармашыл педагог-психологтарды анықтау, өзара тәжірибе алмасу, өзіндік білімдерін жетілдіруге қолдау жасау.
Байқау шарттарына сәйкес, ауданымыздағы білім беру ұйымдарынан 8 жұмыс қабылданып, “үздік” деп танылған жұмыстар сараланып, жеңімпаздар анықталды.
І орын №244 мектеп
Күнтуғанова Гүлмира Еркінқызы
Жанділдаев Аймауыт Сейітмухамедұлы
2023-2024 оқу жылының қыркүйек айында “Менің отаныма –менің бастамам” Республикалық жобалар байқауының аудандық кезеңінен , “жақсылық керуені” номинациясы бойынша 8 сынып оқушысы Ділмағанбет Кәусар 1 орын, Облыстан Алғыс хатпен оралды.
“Білім беру ұйымдарында кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастыру мен “Кәсіпкерлік және бизнес негіздері” пәнінің сабақтастығы» тақырыбында 15 қараша күні ✓127 мектеп-лицейде өткен облыстық семинарға көркем еңбек пәнінің мұғалімі, «ALTYN QOL» кәсіпкерлік жобасының жетекшісі А.Көбегенова қатысып, “Бизнес идеялар” жәрмеңкесіне оқушылардың қолөнер жұмыстарын таныстырып, бірнеше бұйымды сатып және алдағы уақытқа тапсырыс жинап қайтты. Семинар соңында облыстық оқу орталығының әдіскері Жанна Сыздықова қолөнерімен танылған әріптесіміз Көбегенова Ардақ Құрманғалиқызының еңбегін жоғары бағалап, арнайы Сертификатпен марапаттады.
2024 жылдың 05 қаңтар күні Қызылорда қаласы №187 ІТ мектеп-лицейінің базасында «Зерделі ақыл-ой дамыту » мектебінің ұйымдастыруымен бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған республикалық «Алтын тұғыр» олимпиадасының облыстық кезеңі өтті.
Аудандық кезеңнен ІІ дәрежелі дипломмен марапатталып облыстық кезеңге жолдама алған Маханова Фариза Қасымжанқызы арнайы грамота мен олимпиадаға қатысқаны үшін сертификатпен марапатталды